Зауыт туралы
Автобустар мен коммерциялық көліктер шығаратын зауыт «QazTehna» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Саран қаласының индустриялық аймағында орналасқан.
Зауыт құрылысы 2019 жылы басталып, Саран индустриялық аймағындағы бұрынғы Қарағанды резеңке бұйымдары зауытының 40 500 шаршы метр өндірістік және қойма алаңы қалпына келтіріліп, жаңартылды.
2020 жылдың желтоқсанында ірі нокдаунды автобустарды құрастыру цехы, ал 2021 жылдың маусым айында шағын автобустарды құрастыру цехы іске қосылды. Зауыт Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік құрастыру талаптарына, соның ішінде дәнекерлеу, сырлау, автобустарды құрастыру талаптарын қанағаттандырады. 2023 жылы компания коммерциялық көліктер – Sinotruk және Scania жүк көліктерінің өндірісін іске қосты. 2024 жылы Howo (Sinotruk) жүк көліктерінің кабиналарына дәнекерлеу желісі іске қосылды.
2020 жылы іске қосылған QazTehna зауыты Саран қаласының дамуына, жаңа жұмыс орындарын ашуға және инфрақұрылымды жақсартуға ықпал еткен индустриялық аймақта жүзеге асырылған алғашқы ірі жоба болды.